6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық құрылтай мүшесі, «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлының айтуынша, соттың өзі заңның қазақ тіліндегі нұсқасымен үкім шығаруға дайын емес.
Сондықтан заң ең алдымен қазақ тілінде жазылуы керек. Ал қазір заңдарды аудармашы аударғаннан кейін кейде түсініксіз, ал кейде мағынасы қарама-қайшы болуы мүмкін. Кез келген келісімшарт та мемлекеттік тілде жазылуы қажет.
Заңға салса, сотқа барып «қазақ тілінде соттасам» деп талап қоя аласыз. Бірақ кейде соттың өзі заңның мемлекеттік тілдегі нұсқасы дұрыс жазылмаған соң, дұрыс аударылмаған соң қазақша үкім шығаруға дайын емесін айтады. Сол үшін заң аударылмай, мемлекеттік тілде жазылуы керек. Сонда заңның мақсатын, нормасын анық біліп, түсінеміз. Ал енді аудармашы аударғанда кейде түсініксіз, ал кейде мағынасы қарама-қайшы жазылуы мүмкін. Екінші кезекте, дау болғанда, шарт жасасқанда негізгі тіл қазақ тілі болуы керек, - дейді «Қазақ тілі» қоғамының президенті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі