Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОрталық сайлау комиссиясында «Әділет» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді. Тізімге 186 кандидат енгізілген. Олардың 86 пайыздан астамы – еліміздің түрлі өңірлері мен кәсіби салаларынан келген жаңа тұлғалар. Кандидаттарды іріктеудегі басты қағидат – тәжірибе мен кәсібилік. Бұл туралы «Әділет» партиясы Саяси кеңесі бюросының мүшесі Рауан Кенжеханұлы мәлімдеді.
Тізім айтарлықтай жаңарған деп ойлаймын. Онда жаңа адамдардың үлесі өте көп. Біз арнайы талдау жасадық. Кандидаттардың 86 пайызы – жаңа тұлғалар. Өздеріңіз көргендей, тізімнің 47 пайызын әйелдер, жастар және денсаулығында ерекшелігі бар азаматтар құрайды. Бұл бағыттағы белгіленген квота едәуір артығымен орындалды. Бірақ мәселе квотада емес. Тізімде еліміз үшін маңызды барлық сала мен өндіріс өкілдері қамтылған. Біз кәсіби парламент идеясын қолдаймыз. Сондықтан кандидаттар тізімін қалыптастырғанда ең алдымен өз еңбегімен жетістікке жеткен, әртүрлі салада бедел жинаған, кәсіби тәжірибесі, біліктілігі мен сараптамалық әлеуеті бар азаматтардың ұсынылуына мән бердік. Олар заң шығару жұмысы мен парламенттің алдағы қызметінде қажет болатын құзыреттерге ие, – деді Рауан Кенжеханұлы.
Бұған дейін «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіткен еді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары