19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Шешенстан президенті Рамзан Кадыровтың үлкен ұлы Ахмат жастар істері жөніндегі өңірлік министр қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол сондай-ақ Шешенстанның ең жоғары наградасы - Кадыров орденін алды.
Бұл туралы Шешенстан Парламентінің төрағасы Магомед Даудов өзінің Telegram арнасында жазды.
Қымбатты жиенімді, Шешенстан Республикасының жастар істері жөніндегі министрі Ахмат Кадыровты Кадыров орденін алуымен құттықтаймын! Оған бүгін өткен «Техноспорт первых» спорт фестивалінің ашылу салтанатында Шешенстан Республикасының ең жоғары наградасын табыстағаныма қуаныштымын, – деп жазды Магомед Даудов.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары