Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚостанайда «CyberPol» қызметкерлері тұрғындарды 80 млн теңгеге сан соқтырған алаяқты анықтады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаланың 6 тұрғынынан арыз келіп түскен. Олардың барлығында қаскөй «сіздің қызыңыз жол көлік апатына түсті» деген дәстүрлі схеманы пайдалана отырып алдаған. Шығын 20 млн теңгеден асқан.
Тергеуге «CyberPol» бөлімшесі мен Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кірісті.
Жәбірленушілердің дені зейнеткерлер, олар өз үйлеріне келген курьер қызға ақша беріп жіберген. Оның сыртқы келбеті туралы сипаттамалар әртүрлі болды. Қыз жасанды шаш ауыстырып отырған. Сонымен қатар, қара көзілдірікті және әртүрлі бас киімдерді қолданған. Алаяқ Қостанай қаласы қоңақүйлерінің біріндегі люкс номерінде ұсталды. Одан 800 мың теңге тәркіленді. Ал қалған қаражатты қымбат телефон, заттар мен ойын-сауық құралдарын сатып алуға жұмсаған, - деді Шұғыла Тұрлыбек.
Тергеу жалғасып жатырғанын айтты.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады