Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚызылжарда блім ордасына балта мен пышақ алып келіп балаларға шабуыл жасаған 14 жастағы оқушыға сот үкімі шықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Оған 6 жыл 9 ай түрмеде отыру жазасы кесілді. Оқиға Петропавл қаласындағы №4 мектепте таңертең сабақ басталмай тұрғанда болған.
Давид Джакеладзе есімді жеткіншек бетперде киіп, екінші қабатта оқушыларды балтамен ұрып, жарақат салған еді. Қатарластарына қастандық жасаған оқушыны ересек балалар жабылып тоқтатты.
Тоғыз ай қаралған қылмыстық іс бойынша сот отырысы алқабилердің қатысуымен жабық жағдайда өтті. Күдікті ісін мойындамаса да, дәлелдер келтіріліп, үкім шықты. Судьяның айтуынша, оқушы мұндай әрекетке өз тарапына айтылған сөздерден кейін барған. Оның қылмыс жасауына америкалық кинофильм түрткі болған көрінеді.Енді ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер