20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕлімізде қызылша жұқтырғандар саны артып барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова мәлім етті.
Маманның сөзіне қарағанда, аурудың алдын алудың бірден-бір шарасы – вакцинация. Сондықтан денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде және вакцинациялау шаралары жалғасуда.
Бүгінде қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинация және ошақтарда 30 жасқа дейін егілмеген байланыста болған адамдарды вакцинациялау жалғасуда. 18 жасқа дейінгі балаларды толыққанды вакцинациялау, екпелермен қамтудың кемінде 90% шекті деңгейін ескере отырып, балаларды мектепке дейінгі балалар мекемелеріне қабылдауға мониторинг жүргізілуде, – деп мәлім етті Зауре Ахметова.
Оның айтуынша, қызылшамен ауырғандардың 65%-дан астамын 5 жасқа дейінгі балалар құрап отыр.
Сондықтан қызылшаның одан әрі таралуын болдырмау үшін 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балаларды қосымша жаппай вакцинациялау енгізілді, – деді комитет өкілі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?