10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев биыл қызылшамен ауырғандар саны 11 мыңнан астам екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл соңғы бірнеше жылмен салыстырғанда күрт өскенін көрсетіп отыр. Қыркүйектен бастап өршігені байқалады. Вице-министрдің сөзінше, бұған балалардың уақытылы екпе алмауы себеп.
Ауырғандардың 83%-ы – балалар. Осы ауырған балалардың көбісі, яғни 85%-ы – екпе алмағандар. Сондықтан екпе салу бойынша шаралар жүргізіп жатыр. Мәселен, Қазақстанның бас санитар дәрігері қосымша балаларға екпе салу туралы айтқан болатын. Қосымша екпе алты айлық және он бір айлық нәрестелерге, екі жастан он бір жасқа дейінгі балаларға жасалатыны туралы, - деді Сұлтанғазиев.
Қызылша жұқтырғандар елдің барлық өңірлерінде бар. Бірақ министрлік берген ақпаратқа сәйкес, Шымкент, Алматы, Атырау қалаларында ең көп науқас тіркелген. Тимур Сламжанұлының сөзінше, бұл сол өңірлердегі халық санының тығыз болуына, туу көрсеткішінің жоғары болуына байланысты.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді