Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда тұрғынның үйінен аса ірі мөлшерде есірткі мен қару табылды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Бүркіт» АЖ бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 29 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында есірткі мен тапанша табылды.
Қала тұрғынының үйінен 4 сіріңке қорабына, 1 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп, 100 шағын пластик ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы және 11 оғы бар травматикалық тапанша, сондай-ақ кастет табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар тәркіленген травматикалық тапаншаның атуға жарамды екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) және 287-бабының 2-бөлігімен (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтайды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді