20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБақжан Шайхыслам – дарынды этнодизайнерлердің бірі. Жас қолөнерші таза табиғи шикізатты пайдаланып киізден бұйымдар жасайды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ол студент кезінен бастап осы іспен айналысты. Бойжеткен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқыды. Ол үнемі шеберлік сабақтарына қатысып, өз жұмыстарын көрмелерге қойды. Алматы мен Шымкентте өткен байқауларда жүлделі орындарға ие болды. Жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін осы саладағы білімін арттырып, түрлі курстарға қатысты. Жақында қолөнерші «Заманауи киізден жасалған бұйымдар өндірісі» жобасын жүзеге асыруға өтеусіз мемлекеттік грант алды.
Шеберханада көйлектер, жейделер, шұлықтар тігіледі, үй аяқ киімдері, бас киімдер, белдіктер жасалады.
Киіздің пайдасы ежелден бері белгілі. Мысалы, ғылыми дәлелденген: егер сіз осы материалдан киім кисеңіз, қан айналымы жақсарады. Қой терісінің жүні қысымды қалыпқа келтіре алады, буын ауруларына пайдалы. Дала тұрғындарының денсаулығы жақсы болғаны кездейсоқ емес. Қыста киіз суыққа жол бермейді, жазда күн сәулесінен қорғайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?