22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақ джи-пи-ти деп аталатын жоба шетелдік сарапшылардың да қызығушылығын тудырып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24KZ-ке сілтеме жасап.
Ауыл өренінің цифрлық технологиядағы тың идеясы бірнеше байқауда дара шыққан. Көне дәуірдегі қазақ даласы, жасанды интеллект осындай есте жоқ ескі заманның кескінін көз алдыңа әкеледі. Ең бастысы кез келген қазақ тіліндегі сауалға жауап алуға болады. Оқушы Асылжан Абдуллаев жасаған жобаның артықшылығы осы.
Бұл бағдарламаны телефон қосымшаларынан пайдалануға болады. 16 жастағы жасөспірімнің идеясы шетелдік мамандардың қызығушылығын тудырған.
Рендел Брюнс деген Қазақстандағы АҚШ-тың стратегиялық эдвайзері бар. Сол кісінің алдында қорғаған болатынмын "Қазақ GPT"-ді. Өте керемет пікір берді. Одан бөлек менің ең биік жетістіктерімнің бірі жобалардың жаңашылдығы, қайталанбас жетістік, - деді оқушының өзі.
Өнертапқыш жасөспірім Тереңөзек кентіндегі мектепте оқиды. Оның компьютерді терең меңгеруге деген қызығушылығы 5 жасынан басталған.
Телеарна мәліметінше, жасанды интеллект бұйрықты бұлжытпай орындайды. Сурет салады, дыбыстап жауап береді, мәтін жазып, есеп те шығарады. Жоба бірнеше республикалық, халықаралық байқауларда үздік атанып, Асылжан Абудллаев Астана IT университетінің грантын жеңіп алған. Қазір бұл бағдарламаның 2 мыңнан аса қолданушысы бар.
Ал оқушының ендігі арманы - Кореяның Сеултех университетінің грантына ие болып, цифрлық технологиядағы ізденісін тереңдете түсу.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев