20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада жасөспірімдерге алкоголь өнімін сатқан сегіз сатушы жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың жеті айында облыс көлемінде ювеналды полиция бөліністерінің қызметкерлерімен 5330 құқық бұзушы ішкі істер органдарына жеткізілсе, оның ішінде 218 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызды, 40 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 3934 жасөспірімнің заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, кафе-барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін анықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түнгі уақытта болатын құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.
Әрбір рейд бойынша ата-аналар мен жасөспірімдер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, топтасып жасалған құқық бұзушылықтың зардаптары, оның жауапкершілігі туралы айтылды.
Нәтижесінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 102 кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 5 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін сегіз сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?