Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда облысында полицейлер мұздан құлап кеткен 14-15 жастағы қыз бен ұлды құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тәртіп сақшылары Сырдария өзенінің аумағын патрульдеу кезінде суға батып жатқан балаларды байқаған. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлері Әділхан Молдағалиұлы мен Алтынбек Мейрамбекұлы суға батып бара жатқан жасөспірімдерді арқан арқылы құтқаруға бірден кіріседі. Оларды мұздай судан шығарған полицейлер жедел жәрдем шақырып, балаларды ата-анасына тапсырған.
Анықталғандай, жасөспірімдер ойнап жүріп мұзға шыққан, бірақ мұз олардың салмағын көтере алмай, бала суға құлап кеткен. Қыз оған көмектесуге тырысқанымен, ол да суға түсіп кетеді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді