Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылордада газ жарылысынан зардап шеккен 4 баланың екеуі санавиациямен Алматыға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде 31 шілдеде санитарлық авиация бортында Қызылорда облысында қатты күйіктен зардап шеккен екі бала 75 пайызға жуық күйікпен өте ауыр жағдайда Алматы Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілгенін жазды.
Оның айтуынша, науқастардың жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізіліп, динамикалық бақылау жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, 29 шілдеде Қызылордада үйде газ баллоны жарылып, төрт баланы күйік шалған еді.
Жойқын жарылыстан үйдің күлі көкке ұшып, төбесі ортасына түскен.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді