Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚызылорда қаласында бірнеше зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адамның сауда үйлеріндегі зергерлік бутиктердің бірінен алтын сақиналарды жымқырып кеткенін айтқан. Оқиға Қызылорда қаласындағы сауда орталықтарының бірінде болған.
Күдікті зергерлік бұйымдар сататын дүкенге кіріп, сатушыдан сақиналарды көрсетуді сұраған. Бұйымдарды мұқият қарап шыққан соң сатушыныкөңілін басқа жаққа аударып, алтын сақиналарды жымқырып, оқиға орнынан із суытқан. Келтірілген шығын 200 мың теңгеден асты. Алынған зергерлік заттарды күдікті өткізіп, қаражатты жеке қажетіне жұмсаған.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде бұрын сотты болған Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында оның осыған ұқсас тағы екі ұрлыққа қала аумағында қатысы бары анықталды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің облыс аумағындағы өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Ер адам қамауға алынды.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады