Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысында тұрғын үйде болған өрттің салдарынан 38 жастағы азаматтың денесін 75 пайыз күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
21 маусымда сағат 18:45-те Жалағаш ауданына қарасты Бұқарбай батыр ауылында тұрғын үй жанып жатқаны туралы 101 пультіне хабарлама түсті.
Шақырту бойынша оқиға орнына аудандық №11 өрт сөндіру бөлімінен 5 қызметкер 1 техникамен барды. Барлау шарасының нәтижесінде тұрғын үйдің басым бөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны белгілі болды. Өрт сөндірушілер бөлме ішінде ес-түссіз жатқан 38 жастағы тұрғын үй иесін құтқарды. Оны қауіпсіз жерге алып шықты. Жедел жәрдем қызметі жеткенше оған №11 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ербол Тәуекелов алғашқы медициналық көмек көрсетті. Денесінің 75 пайызын күйік шалған азамат дәрігерлердің қарауында. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Ведомство мәліметінше, тілсіз жау 19:51 минутта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?