23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚызылордада Жаңа жыл түнінде тәртіпті сақтауға мыңнан астам полицей жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсанда "102" арнасына 98 қоңырау келіп түсіп, облыс көлемінде 176 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 105 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды.
Іс шара барысында тәртіп сақшыларымен мүлдем төзбеушілік принципі бойынша ұсақ бұзақылықтың 10 дерегі, спирттік ішімдікті ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде келудің - 29, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүруінің 15 дерегі анықталды. Көлік құралын мас күйінде тізгіндеген 3 жүргізуші анықталса, көлік құралын басқару құқығынан айрылған 3 жүргізуші ұсталып, барлығына тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылып, әкімшілік сотқа жолданды, - делінген мәліметте.
Жаңа жыл түні қызылордалық полицейлер қоғамдық қауіпсіздікті тиісті деңгейде қамтамасыз етіп, қандай да бір оқыс оқиғаларға жол берілген жоқ. Полиция қызметкерлері күшейтілген қызметтерін жалғастыруда.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады