Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылордада такси жүргізушісіне шабуыл жасаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, полиция қызметкерлері такси жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Белгілі болғандай, қаскүнемдер такси тоқтатып, өздерін қала орталығына апарып тастауын сұраған.
Жүргізуші оларды айтылған жерге бағыт алған уақытта автокөлік салонының артында отырған біреуі оны ұрып-соққан. Жүргізушінің телефонын, қолда бар ақшасын тартып алып, далаға лақтырып кеткен. Өздері автокөлікті қала сыртына тастап, оқиға орнынан «іздерін суытқан». Қылмыскерлерді ұстау бойынша арнайы жоспар енгізілді, - делінген мәліметте.
Полицейлер Шымкент қаласының жедел қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іс-шара жұмыстарын жүргізу барысында екі күдіктіні ұстады. Олар Алматы облысының тұрғындары болып шықты. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді