Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Қазсушардың» «Сыр суы» филиалына 30 жаңа арнайы техника тапсырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен кездескен болатын. Сондай-ақ суару маусымының барысымен және министрлік жүзеге асырып жатқан жобалардың іске асырылуымен танысқан.
Министр «Қазсушар» РМК-нің «Сыр суы» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды. Оның ішінде экскаватор-тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, су тасығыштар, самосвалдар, автокран, тартқыш, аспалы жабдық, дизельді генератор бар. Филиалға жалпы саны 35 техника бөлінді, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК филиалдарын бүкіл ел бойынша жаңа жабдықтармен жарақтандыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда кәсіпорын филиалдары жоспарланған 757 арнайы техника мен автокөліктің 439-ын алды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді