Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы26 мектепте соттылығы бар және медициналық мекемелерде "Д" есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру фактілері анықталған.
Облыс прокуратурасы орта білім беру мекемелерінде тексеру жүргізуде.
Алғашқы тексеру нәтижелерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен өрт қауіпсіздігін бұзудың 200-ден астам фактісі анықталды.
Кейбір мектепте бейнебақылаудың «соқыр аймақтары» жойылмаған. Жұмыс істемейтін бейнекамералар бар. Салдарынан сапалы бақылауға кедергі келтіреді.
Информатика сабақтарында оқушылар бақылаусыз қалып, ересектер мен құмар ойындарға арналған сайттарға еркін кіруге мүмкіндік берілген.
26 мектепте мұғалімдерді конкурс өткізбей жұмысқа орналастыру фактілері анықталып, соттылығы бар және медициналық мекемелердің «Д» есебінде тұрғандар жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар педагогтар жалған дипломмен жұмысқа қабылданғаны анықталып, олар бойынша қылмыстық іс тіркелді, - делінген Қызылорда облысының прокуратурасы хабарламасында.
Айта кетейік, мектептерді тексеру жұмыстары жалғасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді