29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚызылордада скутер тізгіндеген жасөспірім жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, 14 қыркүйек күні сағат 14:30 шамасында Мұратбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында Nissan Juke автокөлігі мен скутер соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Скутерді кәмелетке толмаған жасөспірім тізгіндеген, ол бірден ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша сараптама тағайындалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
Қызылордада мопедтердің, электроскутерлердің және микромобильді көліктің басқа түрлерінің қозғалысына қатысты мәселе бар. Көбіне осы көлік түрлерін жүргізетін адамдар жол жүру ережесін бұзады, сол арқылы басқа жүргізушілерге және жолаушыларға қауіп төндіреді. Құрметті қала тұрғындары, ата-аналар балаларыңызбен бірге қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамын, – деп атап өтті басқарма бастығы Айдар Демегенұлы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек