23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚызылордада дәстүрлі “Мектепке жол” акциясы барысында полицейлер 20 мұқтаж отбасының балаларына көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Республикалық деңгейде өтіп жатқан “Мектепке жол” акциясы Қызылорда өңірінде де жалғасын тапты. Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету мақсатында акция өтті.
Тұрақты өткізіліп келе жатқан акцияға кәсіпкерлер, мекеме-ұйымдар, жалпы жұртшылық белсене атсалысып қатысты. Соның арқасында көптеген балалар мектепке толық даярлықпен барады.
Қызылорда облысының полиция департаменті мен ардагерлер кеңесі тұрмысы төмен 20 отбасын арнайы шақырып, қайырымдылық көмектерін көрсеткен. Департамент бастығының орынбасары Амиржан Утегенов ата-аналар мен балаларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, арнайы дайындалған сөмкелерді табыстады. Мектеп сөмкесі оқушыға қажетті негізгі кеңсе тауарларымен толтырылған.
Бүгінгі қымбатшылық жайлаған уақытта бір баланы мектепке даярлаудың өзі ата-анаға үлкен салмақ. Осы тұста балаларды оқуға қажетті киім-кешек, құралдармен қамтуда көмек көрсету мақсатында осындай игі шараны ұйымдастырып отырмыз. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!, – деді Амиржан Утегенов.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады