Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚызылордалық полицейлер ізін суытпай бұзақылық жасаған күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
13 мамыр таңғы сағат 7 шамасында ПБ-ға көпқабатты үй ауласында белгісіз азаматтар қару қолданып, төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түскені белгілі болды.
Қаладағы жалдамалы пәтерде бірнеше таныс азамат бір-бірімен сөзге келіп, кейін пышақ және травматикалық қару қолданып, жанжалдасып, барлығы оқиға орнынан бой тасалаған. Кейін екі күдікті қала аумағында ұсталса, тағы екеуі автокөлікпен Самара-Шымкент тас жолында қолға түсті.
Қалған күдіктілерді анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Ұсталғандар Шымкент қаласының және Маңғыстау облысының тұрғындары болып шықты. Оқиға орнынан және автокөліктен айғақты заттар алынды. Екі адамға медициналық көмек көрсетілді. ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деді Қызылорда ОПД Криминалды ПБ бастығының орынбасары Рустам Сайділдинов
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер