Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Қызылорда қалалық соты «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н.Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.
Ол «Orda Glass LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және «Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу» объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды, - делінген мәліметте.
Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді