Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚызылорда облыстық көпбейінді ауруханада үш науқасқа бүйрек трансплантациясы сәтті жасалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алғашқы трансплантация 41 жастағы әйел адамға жасалды. Реципиенттің ағасы донор болып, бүйрегін берді. Екінші трансплантация 20 жастағы жігітке жасалды. Бұл жағдайда донор ретінде науқастың 54 жастағы анасы қатысты.
Ал үшінші ота 43 жастағы әйел адамға жасалды. Науқастың жұбайы донор болып, бүйрегін берді.
Трансплантацияны Қызылорда облыстық көпбейінді облыстық ауруханасының бас дәрігері, трансплантолог, PhD, Жасұлан Баймаханов, бас дәрігердің хирургия жөніндегі орынбасары, PhD Ербол Серікұлы және «А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ-ның трансплантологтар Ернұр Белгібаев, Елшат Нәбиевтің командасымен бірлесіп жасады.
Ота сәтті өтті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы орташа ауыр, тиісті ем қабылдап жатыр.
Айта кету керек, бұған дейін ауруханада 8 рет бүйрек, 1 бауыр алмастыру отасы сәтті жасалды.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс