Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызылорда қаласы прокуратурасының қадағалау актілері негізінде лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау фактілері анықталды.
Нақтылағанда, Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысыилауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану арқылы 2022-2023 жылдар аралығында 5 қызметкерді конкурссыз білім беру ұйымдарына педагог ретінде жұмысқа қабылдау туралы заңсыз бұйрық қабылданған, - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар Қызылорда қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасарымен қала аумағында 40 жаяу жүргіншілер проекторларын орнату бойынша орындалмаған жұмыстар қабылданып, 27млн қаражат негізсіз аударылған.
Қадағалау актілерін қарау нәтижесінде білім бөлімінің басшысы лауазымынан босатылса, бөлім басшысының орынбасары «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді