28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚызылорда облысында бақташы құны 9 млн теңге болатын 21 түйені ұрлап, сатып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылордалық полицейлер өзгенің малын сатқан бақташыны ұстады. 2021 жылдың көктемінде Қызылорда облысының Қазалы ауданында ауыл шаруашылық мекемесінің басшысы 53 түйесін жергілікті бақташыға сеніп тапсырған. Уақыт өте малын санағанда едәуір бөлігі жоқ болып шыққаны кейін белгілі болды.
Аудандық полиция бөліміне арызданған ол 21 түйесінің жоғалғанын айтты. Тексеру жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері бұл жайтқа бақташының қатысы бар екенін анықтады. Қылмысқа күдіктелген бақташы малдардың көп бөлігін иемденіп, сойып, етін сатып, ал ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.
Жалпы, жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 9 миллион теңгеден асып отыр. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?