Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚызылордада әлеуметтік желіде әйел адамның абыройы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірген тұрғынға айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азаматша Д. әлеуметтік желіде әйел адамға қатысты жалған ақпарат таратып, оның беделіне зиян келтірген. Ол жазбасын жалпыға қолжетімді түрде жариялап, көпшілікке таратқан.
Сот отырысында азаматша өз кінәсін мойындап, пікір жазғанын растады. Оның әрекеті полиция қызметкерлерінің баянаттарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, түсініктеме, сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысы және басқа да іс бойынша құжаттармен дәлелденді. Бұл бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік жауапкершілік көзделген. Онда көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату жағдайы көрсетілген. Жала жапқан азаматша кінәлі деп танылып, оған 465 192 теңге айыппұл салынды, — деп мәлім етті Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотынан.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер