Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылордада облыстың 58 жылдығы мен Жаңақорған ауданының 95 жылдығы аясында Жаңақорған кентінен 50 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жерлестерін қос мерекемен және отбасыларды жаңа қонысымен құттықтады.
Мемлекет басшысы «Халықтың басым көпшілігі үшін тұрғын үй – ең өзекті мәселе. Мемлекет шын мұқтаж адамдарға ғана жәрдем береді» деп атап өтті. Кейінгі жылдары Сыр өңірі қарқынды құрылыс алаңына айналып, жаңа заманауи нысандар бой көтеріп жатыр. Бүгін облыстың 85 жылдығына орай аудан орталығынан жаңа тұрғын үйді пайдалануға беріп, 50 отбасының қуанышын еселемекпіз. Бұл – тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға жасалған қолдаудың нақты көрінісі, – деді өңір басшысы.
Баспана тапсыру рәсімінде қоғам қайраткері Нұрлыбек Жолдасбаев ауыл тұрғындарын құттықтап, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы, ардагер Мұзарап Махмутов бата берді. Тұрғын үйді салған мердігер мекеменің 5 қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жаңадан салынған 25 үйдің әрқайсысында 2 пәтерден бар. Әр пәтерде қонақ, жатын, жуынатын бөлмелер, ас үй қарастырылған. Үйіргелік жер учаскесі – 700, пәтердің алаңы – 100 шаршы метр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?