7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Үкімет Қызылорда қаласындағы Оңтүстік қазандығының үш бу қазандығын реконструкциялау жобасын жүзеге асыруға 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Атап айтқанда, қаражат Қызылорда қаласы тұрғындарын орталықтандырылған жылумен жабдықтауды 3 көзден: негізгі ЖЭО, Оңтүстік және автономды қазандықтар арқылы қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын «Қызылорда жылу электр орталығы» МКК-ға бағытталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Оңтүстік қазандықтың негізгі жабдықтары апатты жағдайда және резервтік қуатсыз жұмыс істеп тұр.
Оларды реконструкциялау жобасын жүзеге асыру 2024 жылы басталған, Үкімет резервінен 2,04 млрд теңге, облыстық бюджеттен 655 млн теңге бөлінген болатын. Аталған кезеңде суды химиялық тазарту қондырғыларын ауыстыру, ескі қазандықтарды бөлшектеу, сондай-ақ жаңа жабдықтар жасау үшін зауытқа өтінімдер беру бойынша жұмыстар орындалды.
Жобаның аяқталуы алдағы жылыту маусымына дайындалуға және қаланың оңтүстік бөлігі тұрғындарын: 197 көппәтерлі тұрғын үй кешенін, 73 әлеуметтік және 69 шаруашылық нысанды тұрақты жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде жылу желілерін жөндеу бойынша 4 жобаны іске асыру көзделуде.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?