20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысының екі ауданының тұрғынын кене шағып, конго-қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырды. Ауру өлімге әкелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ауруханаға Жаңақорған ауданынан 77 жастағы ер адам, Шиелі ауданынан 51 жастағы ер адам жеткізілді. Ауруханаға келгенде екеуінің де жағдайы ауыр болған.
Кейін екі науқас қайтыс болды. Оларға Конго-қырым геморрагиялық қызбасы диагнозы қойылды.
Әр жағдайды тіркеген кезде 12 сағат ішінде жеке аумақтарды, мал қоралары мен жануарларды дезинфекциялау жүргізіледі. Барлық байланыста болған адамдар 14 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болады. Жалпы үш ай - мамыр, маусым, шілде кененің қауіпті түрлерінің белсенді болатын уақыты. Сондықтан облыс тұрғындарын сақтық шараларын орындап, шаққан жағдайда дереу дәрігерге қаралуын сұраймыз, - Қызылорда облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Бұған дейін Таиландтан келген 37 жастағы павлодарлық дене безгегін сол жақтан жұқтырып келген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ол инфекцияны маса шағуы арқылы жұқтырған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?