Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысында пәтер тонауды кәсіп еткен ұры ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер жедел шара барысында тұрғындардың үйіне ұрлыққа түскен әккі ұрыны қолға түсірді. Қызылорда облысы Қазалы ауданының бірнеше тұрғыны полиция бөліміне арызданып, үйіндегі заттары жоғалғанын айтқан. Күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді арнайы бұрағышпен күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ауданның 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар дәлелдеме ретінде алынды.
Қазіргі уақытта полицейлер пәтер ұрысының облыс көлемінде жасалған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Тергеп-тексеру әрекеттері жалғасуда. Күдікті қамауға алынды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?