19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Қызылорда облысының прокуратурасы тұтынушылардың құқықтарын шектеп, артық талаптар жүктеген Жылу орталығының заңсыз әрекеттерін анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңірдің прокуратурасына сілтеме жасап.
Қызылорда облысының прокуратурасы «Қызылорда жылу электр орталығы» ШЖҚ МКК-ның қызметіне тексеру жүргізді.
Нәтижесінде Жылу орталығы жылумен жабдықтау желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарға артық талаптарды енгізіп, тұтынушылардың құқықтарының шектелгені анықталды.
Атап айтқанда, Жылу орталығы тұтынушыларға техникалық шартты беру барысында жылумен жабдықтау саласындағы желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысанында (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 05.01.2021ж. №2 бұйрығымен бекітілген) қарастырылмаған қосымша құрылғылар орнатуды міндеттеген. Бұл талаптар тұтынушылар үшін 10 мыңнан 60 мың теңгеге дейін қосымша шығындар әкелуі мүмкін.
Бұндай артық талаппен Жылу орталығы 2022-2023 жылдары 100-ден аса техникалық шарт берген. Осыған орай облыс прокуратурасы 18.08.2023ж. облыс әкімдігіне заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізіп, оның қаралуымен техникалық шарттағы артық талаптар алынып тасталды және Жылу орталығының басшылығы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар Жылу орталығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 млн теңге айыппұл салынған (толық төленді).
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары