Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚызылорда облысында 24 пәтер тонауға қатысы бар адамдар ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ІТ TERGEU» жобасы аясында прокуратураның үйлестіруімен қызылордалық жедел уәкілдер үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырып келген адамдарды ұстады. Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтерге ұрлыққа түсіп, «ізін суытпақ» болған кезде қолға түсті. Ұсталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екені белгілі болды. Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күшпен ашып, үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы – 14 млн теңге. Бүгінгі күнде күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағаны анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Өзге мән-жайлар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47-бабы және 201-бабы тәртібінде жариялануға жатпайды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?