Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚызы коммуналдық төлемдерді үнемдемегені үшін анасына қайнаған су құйған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Gazeta.Ru мәліметінше, 34 жастағы Барнаул тұрғыны анасымен жанжалдан кейін кек алуды мақсат еткен.
Қаңтар айында олар коммуналдық қызметтердің тарифы көтерілуіне қарамастан, анасының жуынатын бөлмеге жиі баратыны үшін ұрысып қалған. Осыдан кейін, анасының ваннада отырған сәтін пайдаланып, қызы шәугіммен қайнаған су құйған. Нәтижесінде әйел қатты күйік алды.
Жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенмен, бірнеше күннен кейін жүрегі тоқтап қалған. Күдікті ұсталды, қазір ол қамауда. Ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді