1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасындағы ең көне кітапқа 251 жыл толды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Опытъ историческаго словаря о россійскихъ писателяхъ» деп аталатын жәдігер 1772 жылы жарық көрген. 264 беттен тұратын көне кітап өте сирек кездесетін туынды саналады. Көне кітаптың парақтарына зиян келтірмеу мақсатында ол барлығына бірдей көрсетілмейді.
Көне кітаптарға қорған болған кітапхананың құрылу тарихы да қызықты. Оның негізі университет ашылғаннан кейін 4 жылдан соң 1948 жылы қаланды. Бастапқыда тек 1500 ғана кітап болған.
Ал қазір кітап қоры бір жарым мыңнан 1 084 743 кітапқа бір-ақ өсті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылыми кітапханасына бір уақытта 450 оқырман отырып, кітап, газет-журналдар оқи алады. Кітапхана қызметкерлерінің алды 37 жылдан бері оқырманына адал қызмет етіп келеді.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?