20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӘлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева қызы Раушанның ұзату тойынан кейін алғаш рет El-Women жобасына сұхбат берді. Өнер иесі қуанышты күннің мәні, қазақ дәстүрлерінің насихатталуы және бүгінгі қазақ әйелінің миссиясы жайлы ой бөлісті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Светлана Айтбаеваның айтуынша, Раушанның ұзату тойының басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу. Арнайы ойластырылған сценарийде шарғы салу, табақ тарту секілді қазақы рәсімдер орындалып, қонақтар нағыз қазақы тойдың көрінісін тамашалады.
Көпшілікке Димаш пен Мансұрдың өнері жақсы таныс болса, Раушан жайлы дерек аз. Анасының сөзіне қарағанда, ол да өнерге жақын болғанымен, өзінің өмірлік жолын медицина саласынан тапқан.
Светлана Айтбаева сұхбат барысында қыз жасауына ерекше көңіл бөлгенін айтты. Жасауға күй шығаратын музыкалық аспап, теледидар сынды техникаларды салуға болмайтынын ескертті. Оған қоса қыз бала ұзату тойында тек қызыл көйлек киіп, таң шуағымен, күн сәулесімен ұзатылуы керек екенін атап өтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?