Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың CCTV ұлттық арнасында Kozybayev university ғалымдары мен зерттеулері көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің ғалымдары Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің әріптестерімен бірлесіп, бидай және басқа да дақылдардың экологиялық сорттарын сынау бойынша зерттеулер жүргізуде. Соның нәтижесінде, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделе алатын бидай сорттары өсірілді.
Профессор Жан Джимао бидайдың жаңа сорттарын өсіру жөніндегі қазақстандық ғалымдармен бірлескен топты басқарады. Жақсы өсім мен тұқым өнімділігі зерттеулер нәтижелерінің Қазақстанда ресми тіркелуіне әкелуі мүмкін.
Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық ғылыми кадрларды даярлауды да қамтиды. Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті Қозыбаев университетінің оқытушыларына арнап, докторантураға 2 грант бөлді. Қазіргі таңда олар Қытайда оқуларын сәтті бастады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді