Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында чикунгунья безгегі вирусының өршуі тіркелді. Елдің санитарлық органдарының мәліметінше, 28 қыркүйек пен 4 қазан аралығында 3 181 жаңа жағдай анықталған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ең көп науқастар Цзянмэнь қаласында (2 480 адам) тіркелген. Сондай-ақ Фошаньда – 157, Гуанчжоуда – 138, Чжаоцинде – 101 жағдай расталған. Қалған елді мекендерде бір апта ішінде 100-ге жетпейтін жаңа оқиға тіркелген. Биылдан бастап статистикаға белгілері байқалмайтын жағдайлар да енгізіліп отыр.
Чикунгунья вирусын Aedes aegypti және Aedes albopictus түріндегі масалар таратады. Бір апта бұрын, 21–27 қыркүйек аралығында, провинцияда 3 153 жағдай, ал одан бір апта бұрын 2 426 жағдай анықталған. Мамандардың айтуынша, жиі болатын тайфундар мен ылғалды ауа райы масалардың көбеюіне қолайлы жағдай жасап отыр.
Цзянмэнь қаласында (тұрғыны шамамен 5 млн адам) денсаулық сақтау саласында үшінші деңгейдегі төтенше дайындық режимі енгізілді. Қытайдың төрт деңгейлі жүйесінде бірінші деңгей ең жоғары қауіп саналады, ал үшінші деңгей қала деңгейінде індеттің таралу қаупі артқан жағдайда қолданылады.
Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда чикунгуньяға қарсы нақты дәрі немесе вакцина жоқ. Аурудың инкубациялық кезеңі 3-тен 12 күнге дейін созылады. Негізгі белгілері – жоғары температура, қалтырау, буын мен арқа ауруы, бөртпе шығуы.
Қытай билігі індеттің таралуын тежеу үшін дезинсекциялық шараларды күшейтіп, масалар өсетін аймақтарды жою жұмыстарын бастап кетті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер