29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыБылтыр Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% артық.
Тауарларға арналған декларацияларды бақылау және шығару үшін кедендік функцияларды орталықтандыру жүзеге асырылды. Бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешім қабылдауға, өткізу пункттеріндегі жедел ахуалға қашықтықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беруде. Сондай-ақ экспорттық декларациялармен онлайн-алмасу жүргізілуде. Бұл Қытай Халық Республикасынан келе жатқан тауарлар туралы алдын ала ақпарат алуға мүмкіндік береді. 2022 жылдың басында Президент кеден саласын тәртіпке келтіруге қатысты тапсырма берген болатын. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтыр тек Қытайдан келетін тауарлар бойынша бюджетке 465 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар түскен. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 60% артық, - деді министр.
Сонымен қатар министр еліміздегі көлеңкелі экономика деңгейін төмендету үшін кешенді жұмыстар атқарылуда. Бұл ретте тек соңғы 4 жылда бюджетке қосымша 3 трлн теңгеден аса қаражат түскенін айтты.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек