13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз28 және 29 наурызда Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ресми ашылуы өтеді. 2024 жылдың Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланғаны Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылы Қытайға ресми сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазіргі таңда Бейжіңге Қазақстанның ресми делегациясы келіп жетті. Оның құрамында Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ әкімдіктердің, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясының, «Атамекен» ҰКП-ның өкілдері мен 150-ден астам мәдениет қайраткерлері бар.
Қазіргі таңда ресми іс-шаралар өтетін нысандарда қызу дайындық барысы жүріп жатыр. Конференс зал мен концерттік залдар қонақтарды күтуге әзірленіп, әртістік ұжымдар дайындықтарын жүргізіп жатыр.
Жылдың ашылуы аясында бірқатар іс-шара өтеді. Олар Туризм және инвестицияларды дамыту бойынша Қазақстан-Қытай форумы, Қазақстан облыстарының көрмесі, этноауылдағы мәдени іс-шаралар, сонымен қатар гала-концерт болмақ. Ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.
Айта кетейік, форумға қатысушылар Қазақстанның 17 облысының стендтерін тамашалай алады. Онда әрбір өңірдің туристік нысандары көрсетілген.
Сондай-ақ форум аясында туризм саласындағы мемлекеттік органдар мен компаниялардың қатысуымен екі панельдік сессия өтеді. Бірінші сессия «Қытай саяхатшылары үшін Қазақстандағы ұйымдастырылған туризм мүмкіндіктері», екінші сессия «Туристік бизнестегі әріптестік: Қазақстан-Қытай арасындағы инвестициялық мүмкіндіктер». Оған қоса, форум барысында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы мен Messe Frankfurt Asia Holding өкілдері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.
Өз кезегінде Қазақстан мәдениетін гала-концертте өнер көрсететін әртістер таныстырады. Олардың қатарында шығармашылық музыка және би ұжымдары, сондай-ақ Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» тобы және басқа да жарқын солистер бар. Гала-концертте Қытайдың өнерпаздары да өнер көрсетеді.
Оған қоса, делегаттар тізімінде Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, UFC спортшысы Шавкат Рахмонов пен Олимпиада жүлдегері Қанат Ислам да бар.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды