Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың орталық және оңтүстік өңірлеріндегі су тасқыны салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, он мыңдаған тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Associated Press агенттігіне жазды.
Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен өңірлер — Хэнань, Хубэй және Гуйчжоу провинциялары. Бұл аймақтарда өзендер арнасынан асып, көшелерді, тұрғын үйлерді және сауда орталықтарын су басты. Қазірге дейін кемінде сегіз адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында.
Кей жерлерде су бөгеттерді бұзып өткен. Бұл жағдай апаттың ауқымын одан әрі күшейтіп, инфрақұрылымға айтарлықтай залал келтірген.
Жаз мезгілінде су тасқыны Қытай үшін үйреншікті құбылыс болғанымен, биылғы жағдай соңғы жылдардағы ең ауыр апаттардың бірі ретінде бағаланып отыр. Сарапшылардың пікірінше, урбанизацияның қарқыны табиғи апаттардың салдарын күрделендіріп, ал ақпарат кеңістігін қатаң бақылауда ұстайтын билік, құрбандар мен залал туралы деректерді толық жарияламай отыр.
Бқған дейін қандай жойылу алдында тұрған қалалар туралы жазған едік.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді