Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарҚытайдың Хэбэй провинциясында ерекше бағыттағы медициналық қызмет іске қосылды — мұнда жұмысқа барғысы келмейтін адамдарға көмек көрсетілетін "Жұмысқа барғысы келмейтіндерді емдеу клиникасы" жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
South China Morning Post (SCMP) басылымының мәліметінше, бұл бастаманы дәстүрлі қытай және батыс медицинасын біріктірген аурухана қолға алған.
Жобаның авторы әрі ұйқы және психология бөлімінің директоры Юэ Лиминь бұл идеяның негізі бұған дейінгі "Мектепке барғым келмейді" атты табысты бағдарламада жатыр дейді. Сол кезде ата-аналар тарапынан: "Мұндай көмек ересектерге де керек" деген сұраныс жиі түскен.
Мұнда күйзеліс (выгорание), эмоциялық тұрақсыздық және жұмысқа деген қызығушылықтың жоғалуы секілді мәселелерге тап болған адамдарға көмектеседі.
Біз “мазасыздық” немесе “депрессия” секілді диагноздарды саналы түрде қолданбауға тырысамыз. Бұл — адамдардың психологиялық көмекке жүгінуіне кедергі келтіретін тосқауылдарды азайтуға көмектеседі, – дейді Юэ Лиминь.
Клиникада науқасты қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады:
Қазірдің өзінде клиникаға қызығушылық жоғары болғанымен, Юэ Лиминьнің айтуынша, нақты пациенттер саны аздау.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?