Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚытайда жасанды интеллект саласында жұмыс істеген бірнеше ғалымның кенеттен көз жұмуы қоғам назарын аудартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жағдай туралы South China Morning Post (SCMP) басылымы хабарлады. Журналистердің мәліметінше, қайтыс болған мамандардың барлығы жасанды интеллект бағытында жұмыс істеп келген және олардың өлімі күтпеген аурулар немесе жазатайым оқиғалар салдарынан болған.
Мәселен, 2022 жылы Бейжіңдегі Megvii Technology компаниясының 45 жастағы қызметкері Сунь Цзянь кенеттен қайтыс болды. Ал 2023 жылы 38 жастағы зерттеуші Фэн Янхэ дүниеден озды. Сол жылы жасанды интеллект саласының тағы бір танымал маманы — 55 жастағы профессор Тан Сяоу да өмірден өтті. Ол Гонконгтағы Қытай университетінде сабақ берген және IT саласындағы алпауыт SenseTime компаниясының негізін қалаған болатын.
SCMP тілшілері пікірлескен сарапшылар бұл жағдайлардың жиілеуі алаңдаушылық тудырып отырғанын атап өтті. Олардың айтуынша, бұл өлімдер Қытай мен АҚШ арасындағы технологиялық бәсекелестіктің күшеюі аясында саланың мамандарына түсетін ауыр қысымның салдары болуы мүмкін.
Ғалымдардың өмірден ерте кетуі Қытайдағы жасанды интеллект индустриясының болашағына да әсер етуі мүмкін деген алаңдаушылықтар айтылуда.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова