Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгін Бейжіңдегі «Мұзды лента» жылдам сырғанау ұлттық стадионы адамтектес роботтарға арналған тұңғыш Дүниежүзілік ойындарға есігін ашады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Үш күнге созылатын бұл бірегей халықаралық іс-шара жасанды интеллект пен робототехника саласындағы жетістіктерді бүкіл әлемге паш етпек. Оған 16 елден 280 команда қатысады.
Бұл туралы GizmoChina басылымы хабарлады.
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында коньки тебу жарыстары өткен «Мұзды лента» аренасы роботтарға арналған жоғары технологиялық орталыққа айналды. Стадион толықтай қайта жабдықталып, роботтарды қуаттау мен техникалық қызмет көрсетуге арналған инфрақұрылыммен қамтылды.
Ойындарды Бейжің Халық Үкіметі, China Media Group, Бүкіләлемдік роботтық ынтымақтастық ұйымы және Азия-Тынық мұхиты RoboCup кеңесі бірлесіп ұйымдастырып отыр.
Жарыс бағдарламасына 26 түрлі санат бойынша 487 сайыс енген. Олар:
дәрі-дәрмек сұрыптау (аурухана симуляциясы),
қонақүй бөлмелерін тазалау,
қойма мен өндірістік конвейердегі жұмыстар,
роботтар арасындағы бокс жарысы.
Іс-шарада роботтардың нақты өмірде қаншалықты пайдалы әрі тиімді жұмыс істей алатыны басты назарда. Командалар екі түрлі жұмыс режимін таңдай алады:
Жарысқа Қытайдың жетекші технологиялық компаниялары: Yushu Technology, Xinghaitu, Tiangong және Fourier, сондай-ақ әйгілі университеттер: Цинхуа, Пекин университеті, Шанхай Цзяотун университеті қатысады. Сонымен қатар АҚШ, Германия және тағы басқа елдерден келген халықаралық командалар да бар.
Кеше, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекКеше, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды10 Қыркүйек, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес