Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайда AgiBot A2 гуманоид роботы 106,286 шақырымды жаяу еңсеріп, жаңа әлемдік рекордқа қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Global Times басылымына сілтеме жасап.
Сапар Сучжоу қаласындағы Цзинцзи көлі маңынан басталып, Шанхайдың әйгілі Бунд жағалауында аяқталды. Бұл нәтиже Гиннестің рекордтар кітабы тарапынан ресми түрде расталды.
Компания мәліметінше, робот жол бойында қала көшелерінен, туристік аймақтардан және автомобиль жолдарынан өткен. Ол қозғалыс кезінде барлық жаяу жүргінші және жол қозғалысы ережелерін сақтап отырған. A2 толық қашықтықты бір де бір рет өшпей, автономды түрде бағындырды. Мұндай тұрақтылыққа оның арнайы әзірленген ауыстырмалы аккумулятор жүйесі мүмкіндік берген. Ұзақ сапардың жалғыз салдары — резеңке табанның аздап тозуы ғана.
AgiBot компаниясының аға вице-президенті Ван Чуанның айтуынша, сынаққа ешқандай қосымша жетілдірусіз, стандартты сериялық модель қатыстырылған. Жорық алдында робот қосарланған GPS жүйесімен, лидармен және инфрақызыл тереңдік камераларымен жабдықталған. Бұл технологиялар оған күрделі учаскелерде де, тіпті түнгі уақытта да қоршаған ортаны дәл анықтап, бағытты сенімді түрде ұстануға мүмкіндік берген.
AgiBot A2-нің бұл жетістігі Қытайдың робототехника саласындағы технологиялық әлеуеті мен инновациялық қарқынының жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді