20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайда әлемдегі алғашқы қонақ үй қызметіне бейімделген гуманоид-робот жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жасанды интеллектке негізделген адамға ұқсас Zerith H1 роботы қонақүй нөмірлерін жинау мен қонақтарға қызмет көрсетуге арналған. Ол дәретхананы тазалаудан бастап, жуыну бөлмесіндегі қажетті заттарды толықтыруға дейін түрлі тапсырмаларды орындай алады.
Оқи отырыңыз:
Икемді әмбебап дөңгелектері мен биіктігі реттелетін корпусының арқасында Zerith H1 тар дәліздерде еркін қозғалып, әртүрлі бөлме жоспарларына оңай бейімделе алады. Бұл оның жоғары дәлдікпен және икемділікпен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Роботты жасаған компания ұсынған видеода H1 бөлме ішінде өздігінен қозғалып, еденді шаңсорғышпен тазалап, қоқысты қоқыс жәшігіне ешбір адам көмегінсіз салып жатқаны көрсетілген.
Interesting Engineering сайты жазғандай, егер Tesla компаниясының Optimus моделі негізінен тұрмыстық істерге бағытталған болса, Zerith H1 қонақүй бизнесіне бейімделген. Бұл – мүлде басқа сала, өйткені қонақүйлерде қызмет көрсету барысында әртүрлі және күтпеген жағдайлар болуы мүмкін.
Zerith H1-дің басты ерекшелігі – бірнеше тік жазықтықта жұмыс істей алуы. Яғни ол еденнен затты иіліп көтере алады, жуыну бөлмесіндегі керек-жарақтарды орнына қойып, аяқ киімді сөреге әдемілеп орналастыра алады. Сонымен қатар ол бұл әрекеттерді орындау барысында жиһазға немесе қонақтарға соқтығыспау үшін өте мұқият қозғалады.
Компания бұл роботты адам қызметкерлерін алмастырушы емес, керісінше, сенімді көмекші ретінде көреді. Ол қонақүй қызметкерлерінің уақытын алатын ауыр, лас немесе бірсарынды жұмыстарды атқаруға арналған.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?