Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚытайдағы Хунань провинциясындағы Ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің ғалымдары құпия операцияларға арналған ең кішкентай ұшқышсыз аппарат жасап шығарды. Оның көлемі кәдімгі масамен бірдей, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы New York Post жазды.
Бұл шағын ұшқышсыз ұшу құрылғысы ультраминиатюрлық камералармен және микрофондармен жабдықталған. Ол суреттер мен дыбыстарды жазып, электрондық сигналдарды ұстай алады. Аппараттың өте кішкентай өлшемі оны көзге көрінбейтіндей етіп, кәдімгі радиолокациялық жүйелерден жасырын өтуге мүмкіндік береді.
Осындай миниатюрлы бионикалық роботтар ақпарат жинауға және ұрыс алаңындағы арнайы миссияларды орындауға өте қолайлы, - делінген хабарламада.
Дегенмен, қорғаныс саласының аға ғылыми қызметкері Тимоти Хиттің айтуынша, бұл ұшқышсыз аппараттың кемшіліктері де бар. Ол жеке деректерді ұрлауға пайдаланылуы мүмкін және оның техникалық мүмкіндіктеріне қатысты бірқатар сұрақтар туындайды.
Ұзақ уақыт бойы тыңшылық жасау үшін мұндай микротехникаларды үнемі зарядтап, ақпараттарды жинап отыру керек. Мұның бәрін нысанға жақын жерде жасау қажет болады, – деп түсіндірді Хит.
Ол бұл шағын ұшқышсыз аппарат шпиондық мақсаттарға жақсы бейімделгенін, ал ұрыс алаңында оның тиімділігі төмен болатынын атап өтті.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер