10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында орналасқан Нанкин қаласында көп қабатты үйлердің бірі отқа оранып, 15 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала мэрі Чэнь Чжичанның айтуынша, жарақат алғандарды ауруханаға жеткізу үшін 32 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылған, ал оларды емдеу үшін күйік шалғандармен жұмыс істеуге маманданған дәрігерлерден, психологтардан арнайы топ құрылды.
Оқиға салдарынан 15 адам көз жұмып, 44 адам ауруханаға жатқызылды. Олардың бірі өте ауыр халде, тағы бір адамның да жарақаты ауыр. 42 адам жеңіл жарақат алған, - деді ол Guancha басылымына берген сұхбатында.
Өртті сөндіру және іздеу-құтқару операциясына 25 техника бірлігі мен 130 адам жұмылдырылған.
Өрт басталғанда ғимарат ішінде 762 адам болған, билік өкілдері олардың 516-сын қонақүйлерге жатқызды. Тұрғындардың кейбір бөлігі туған-туыстары мен көршілерінің үйіне кеткен.
#China Four people were killed after a building fire broke out Friday morning in the city of Nanjing, capital of East China's Jiangsu province.
— WORLD AT WAR (@World_At_War_6) February 23, 2024
The cause of the accident is currently under investigation. -Chinadailypic.twitter.com/v0MC6nmN7Z
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді