Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайда жемқорлық пен парақорлық үшін айыпталған шенеунік Ли Цзяньпин өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ли Цзяньпин Хух-Хото қаласының (Солтүстік Қытайдағы Ішкі Моңғолия автономиялық ауданының әкімшілік орталығы) техникалық-экономикалық даму аймағының жұмыс комитетінің хатшысы болып қызмет атқарған. Оған ұрлық пен парақорлық арқылы заңсыз жолмен 3,06 миллиард юань (шамамен 426 миллион доллар) иемденді деген айып тағылды.
ҚХР Жоғарғы халық сотының мәліметіне сәйкес, Ли Цзяньпин мемлекеттік компаниядан (атауы аталмаған) 1,43 миллиард юаньды (199 миллион доллар) алаяқтық жолмен иемденген. Сондай-ақ, ол 577 миллион юань (80 миллион доллар) пара алып, 1,06 миллиард юаньды (147 миллион доллар) жымқырған. Бұл қаражаттың бір бөлігі қайтарылмаған.
Парақорлық пен қаржы ұрлаудан бөлек, Ли Цзяньпин «заңсыз және қылмыстық әрекеттерге көз жұма қарады» деп айыпталған. Барлық жеке мүлкі тәркіленді.
Ли Цзяньпинге 2022 жылы сот өлім жазасын тағайындаған. Ол апелляциялық шағым түсіргенімен, 2024 жылдың тамыз айында өлім жазасы күшінде қалдырылды.
Өлім жазасы орындалмас бұрын Ли Цзяньпин жақын туыстарымен кездесуге мүмкіндік алды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?