20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚытайда кәсіби білім мен сараптаманы талап ететін тақырыптарда жазатын блогерлердің қызметін шектейтін жаңа заң күшіне енді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы IOL агенттігіне сілтеме жасап.
Енді медицина, құқық, қаржы және білім салаларында жазба жариялайтын авторлар тиісті білімі бар екенін ресми түрде растауы тиіс. Бұл талаптың орындалуын онлайн-платформалар бақылайды.
Сонымен қатар блогерлер ғылыми дереккөздерді нақты көрсетуге және жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті арнайы белгілеуге міндеттелді.
Медициналық кеңес беру комиссиясы да медициналық қызметтер мен биологиялық қоспаларды, сондай-ақ «сауықтыру өнімдерін» жарнамалауға тыйым салды. Бұл - білім беру контенті түрінде жасырын жарнаманың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданған шара.
Билік өкілдерінің пікірінше, жаңа ереже жалған ақпараттың таралуын азайтып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Алайда сыншылар бұл заң Қытайдың интернет кеңістігіндегі сөз бостандығына айтарлықтай шектеу қоюы мүмкін деп санайды.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?